Іле Алатауы қойнауында орналасқан Алматы қаласы ұлттық нышандарды сақтап, жаңа сәулетті ғимараттармен қызықтырады. Алматы маңында 90 мың. гектар жерді алып жатқан ғажайып табиғат қорығы бар. Сонымен бірге "Медеу" мұз алаңы барша әлемге әйгілі. 1972 жылы құрылған ол 1691,2 м.биіктікте орналасқан.Мұз алаңы (10,5 мың. кв.м.)онда конькимен жылдам жүгіру,доп хоккейі сияқты өзге де мұз бетінде ойналатын спорт түрлерінің дамуына қосқан үлесі зор."Медеу"-де 120-дан астам коньки тебу спортының рекордттары орнатылған. Алматы маңындағы Шымбұлақ альпинистерді, туристерді, тау шаңғышыларын қызықтырады. Жылдам төмен түсу жолының ұзындығы 3500 м.Техникалық жабдықталу жағынан Шымбұлақ Еуропадағы ең керемет тау айлақтарынан кем емес,ал сырғанау мүмкіндігі жағынан олардан асып та түседі. Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайлы орын тепкен. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Алматы ауасын ластаушы негізгі көздердердің бірі- машиналар. Алматы қаласында 570 мың автокөлік тіркелген, ал қалаға күніне 170 мың автокөлік келіп кетеді. Солардың ішінде орташа есеппен 10500 машина тәулік бойы қозғалыста болады және олардың двигателі 5250 сағат бойы жұмыс істеп тұрады. Осы кезеңде 13125 литр жанармай жағылып, оған 39375 литр оттегі жұмсалынады (жағылады), ал бұл оттегімен 882-885 адам жыл бойы тыныс алар еді. Жетілген бір емен ағашының фотосинтезі процесінде жыл бойы шығарылған оттегімен 40-45 адам, ал аршаның шығарған оттегімен 20-25 адам тыныс алады. Сонымен бірге, емен ағашы 30-40 тонна, ал арша ағашы- 15-20 тонна шаң-тозаңды залалсыздандырады. Сондықтан аталған ағаштарды Алматы қаласында көптеп өсіру керек, оларды үйде, балконда, офистерде, университеттер және мектептер аудиторияларда өсіруге болады.
Located in the Zailiysky Alatau Reservoir, Almaty is interested in national symbols and attracts with new architectural buildings. There are magnificent nature reserves which takes 90thousand hectares. Meanwhile, Medeo Ice Arena is known all over the world. The region was established in 1972 and located in an altitude of 1691.2 meters. In the Ice arena (10.5 thousand square meter), there are different types of sports such as skating, ice hockey, and others made a great contributions to the development of sports in the "Medeo". More than 120 skateboarding records were created. Chimbulak near Almaty attracted tourists, mountaineers, skiers. The length of down road line is 3500 m. Technical equipments of Shymbulak is not bad than the best ports in Europe. In general, Almaty has a number of ecologically favorable geographical places. This allows thousands of cars in the city to pollute the airspace of the city with toxic smoke. This is an important factor in the development of lung diseases in the city. It is difficult to rest in the city without windy days, and the fight against such difficulties is now one of the main tasks of the city authorities. One of the main sources of air pollution in Almaty are cars. About 570 thousand cars were registered in Almaty, and 170 thousand cars come to the city every day, among them, an average of 10,500 vehicles operates 24 hours a day, and their engine runs for 5250 hours. During this period, 13,125 liters of fuel were burned and among them 39,375 liters of oxygen, which people would breathe about 882-885 years with oxygen. In the process of photosynthesis of mature oak 40-45 people with oxygen can breathe during the year, and 20-25 people with respiratory oxygen. At the same time, the oak will disinfect 30-40 tons, and juniper - 15-20 tons of dust. Therefore, these trees need to be grown in Almaty, where they can be grown in classrooms, at home, on the balcony, in offices, universities and schools.