Қазіргі таңда болашақ педагог мамандардың басты тұлғалық сапаларының бірі -басқарушылық қабілеттері. Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, инновациялық жаңа үрдістерді дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын ортаға тез бейімделуді қажет етеді. Бүгінгі күні жоғары оқу орындарының әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниежүзіне іргелі ел ретінде танылып, Тәуелсіздіктің тұғырын 25 жыл берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағында білімді, білікті, саналы азаматтар тәриелеу міндеттері қойылған. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді