Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ

Мақалада Абайдың шығармаларының психологиялық астарларына талдау жасалынған. Ақын мұраларын зерттеген ғалымдардың философиялық, педагогикалық, психологиялық көзқарастарына жүйелі жасалынған. Мақалада Абай – өлеңдері мен қара сөздерінің ең басты обьектісі- адам, басты мақсаты- адам тәрбиесі екені анық көрсетілген. Адам болғанда да адамдар үшін еңбек ететін, өзі айтқандай, «ақыл, қайрат, нұрлы жүректі тең ұстайтын», жан-жақты жетілген адам яғни Абайша айтқанда, «толық адам». Ал «толық адам», «жетілген адам» дегендердің мағынасы терең философиялық, психологиялық мәнді ұғымдар. Адам, индивид, тұлға, дара тұлға адамгершілік тұрғысынан, тұлғалық тұрғысынан жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасып жатқан күрделі мәселе. Сондай-ақ мақалада ақынның еңбектеріне талдау жасай келе, оның ой-тұжырымдарының, пікірлерінің, шығармаларының астарларында қазіргі заманғы ғылыми психологияның қарастыратын негізгі проблемаларымен үндестігін көрсететін салыстырмалы кесте құрастырылған. Мәселен, кестенің бір тармағында әлеуметтік өмірде адамдардың өзара дұрыс қарым-қатынас жасаулары - бір-бірінің мінез-құлқын, психологиясын тани білудің негізі деген Абайдың тұжырымы қазіргі заманғы ғылыми психологиядағы қарым-қатынас мәселесімен, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап,бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру деген ғылыми тұжырыммен астасып келуі таңғалдырады. Бұл ақынның ғұламалығының бұл бір дәлелі ғана. Абай психологиялық көзқарастары жалпы және педагогикалық психология мәселелерімен ғана шектелмейді. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайымен, оның әртүрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды. Абай шығармаларын оқытуда жеткіншектерге ақынның «толық адам» тұжырымының мәнін түсіндіріп, осы ұғымға жету үшін қандай бала болу керек, нені мақсат тұту керек деген пікірін жеткізу жолдарын қарастырылады. Абай «толық адам» болудың бір белгісі адамның ойлы болуы, әр нәрсеге «өз көзімен» қарау дегенді меңзейді. Абай мұраларын оқыту барысында ақынның еңбектеріне психологиялық тұрғыда жүйелі талдау жасап, оны нақты бағыттарға бөліп қарастырса, жеткіншектерде ғұламаның шығармаларын түсінуде, бағамдауда және қабалдауларына жеңіл түсіп, есте сақтап, ой қорытындысын жасауға тиімді болады. Осы орайда мақалада ақын шығармашылығын бес бағытқа бөліп көрсеткен. Мәселен, бірінші бағыты ретінде Абайдың қара сөздерінің психологиялық мәні алынған. Одан кейін өлеңдерінің психологиялық астарлары бағытында а) өнер - білімге шақыратын өлеңдері; ә) тұлғаның қалыптасуы жағдайлары; б) таным әрекеттерінің ерекшеліктері қарастырылса, үшіншіден, ақынның «Ескендір», «Масғұт» поэмаларындағы психологиялық ой-түйіндер, төртінші бағыты деп орыс классиктерінің шығармаларынан аудармаларының психологиялық ерекшеліктерін көрсетеді. Бесінші бағыты Абай әндерінің адам психикасына әсері деген бағыт талданады. Мақалада осы бес бағытқа қысқаша түсінік беріледі. Артына мол философиялық, педагогикалық, психологиялық мұралар қалдырған ұлы ғұламаның шығармаларын оқу-тәрбие процесіне енгізіп, оқыту барысында жүйелі қолданып отырса, жеткіншектердің жан-жақты дамып, тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына оңды ықпалы болары анық. Жеткіншектердің жеке тұлғасын қалыптастыруда әрине Абай шығармаларының мәні зор. Оны тек оқу бағдарламасында берілген ақынның бірлі-жарымды өлеңдерімен, қарасөздерімен шектеліп қалу жеткіліксіз.Ол үшін үйірме сабақтарында, сабақтан тыс кездерде де, оқушылармен жеке- жеке жұмыс жүргізгенде де қолданылып отырса жас ұрпақтың философ ақынның жайлы біленінен білері мол болатыны сөзсіз.



Keywords
Абай Шығармаларының Психологиялық Астарлары

References

Advanced Search


Announcements

    Directory of Open Access Scholarly Resources (ROAD Index)

    ASR Journal 

    Directory of Open Access

    Scholarly Resources (ROAD Index)

    tarafından indekslenmektedir


    International ResearchBible (Academic Resource Index)

    ASR Journal

    International ResearchBible

    (Academic Resource Index)

    tarafından taranmaktadır


    Internatıonal Instıtute Of Organızed Research (I2OR)

    ASR Journal 

    Internatıonal Instıtute Of Organızed

    Research (I2OR) tarafından

    indekslenmektedir


    Directory of Research Journals Indexing

    ASR Journal

    Directory of Research

    Journals Indexing'te

    taranmaktadır


    ICI Journals Index Copernicus

    ASR Journal Dergisi ICI Journals Index

    Copernicus'ta indekslenmektedir.



Address :
Telephone : Fax :
Email :asrjournal.editor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri