Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ҰЛТТЫҚ РУХ ПЕН ҰЛТТЫҚ НАМЫСТЫҢ ЖАРШЫЛАРЫ

Рухы өршіл, жігер-қайраты асқақ, қайсарлы бабаларымыздың ерте дүние тарихынан елінің мүддесі мен тағдыры жолында қаншама қиын-қыстау тарихи сынақтарды бастан кешкен еді. Сол қиындықтарға қарамастан алға қойған ұлы мақсат-мұрат – «Мәңгілік Ел» орнату жөніндегі асыл арман болған еді. «Мәңгілік Ел» - асқар таулар мен сағымы көлкіген сайын далада күн кешкен қарапайым қалың елдің көкірегіндегі мұраттар мен ізгі тілектерінің көрінісі. Ерте дүние тарихынан түркі қағандары өз иелігіндегі ұлыстардың әдет-ғұрыпы, наным-сенімдері, тіліне сыйластықпен қараған әрекеттері қазіргі таңда ұрпақтар сабақтастығымен қазақ халқының өмірлік ұстанымдарының көрінісі іспеттес рөл атқаруда. Түрлі ұлыстардың құтты мекен жеріне айналған еліміз бейбітшілік пен келісім рухының айғағы. Тарихтың керуен көшінде сабақтастық деген ұғым бар. Ғасырлар бойы рухани тұтас бір игілік дәстүрін жалғастырып келген, адамзат ұрпағының сонау ежелгі тіршілік болмысымен тікелей сабақтас рухани кемелділікті түйсіну ерекшелігі қайнар бастау ретінде жұртшылық игілігіне айналдырылған. Ұлы Дала рухы – еліміздің береке-бірлігі, игілігі мен ырзығы, бейбіт өмір мен тұрақтылығы, бақыты мен дәулеті, достығы мен бауырмалдылығының болашақ бағдарының арқауы. Жалпыұлттық игіліктің биік гуманистік мұраттарынан «Мәңгілік Ел» идеясы өз бастауын алса керек. Жұмыста бабалар дәстүрін асқақтатуда олардың рухани-мәдени құндылықтық асыл мұраларының қазіргі таңдағы ұрпақтар сабақтастығының рухани жаңғыру кемеліне көтеру мәселелері жан-жақты зерделенген. Жалпы ұлттық болашақтың ұтымды ізденістері ретінде ел мүддесі мен тағдырына қатысты ұлтаралық келісім мен татулықтың өркен жаюына ықпал еткен бабаларымыздан талай ұрпақтары қалыптастырған достық пен туысқандық дәстүрінің қырлары тереңінен сараланған. Елді елдікке, ынтымаққа, бірлікке бастайтын және сол жолда жанын сала күрескен саяси қайраткерлерді туғызатын – заман екендігі тарихи таным. Тарихтың терең-терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғалардың салиқалы соқпақтарына көз жеткізуіміздің өзі - тарихи таным. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі-ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Халық өз басына қатер төнген шақтарда, тағдыры таразы басына түскен алмағайып сәттерде бар күш-қайратын, әлін зобалаңға қарсы қойып, ақыл-парасатымен, білімімен, білегінің күшімен арашаға түсіп, сол жолда шыбын жанын аямаған, елінің, ұлтының тәуелсіздігін, бостандығын қорғаған нар тұлғалы, алып азаматтардың ерлігін де, есімін де еш уақытта ұмытпайды. Қайта уақыт өткен сайын қадір-қасиетін арттырып, асқақтата түседі. Тарих − өткен өмір, оны өзгертіп, өңдеп жазуға болмайды. Бірақ тарихта жақсы да, жаман да болады дейміз. Себебі, ол өмір болған соң, өмірде қарама-қайшылықсыз болмайды. Яғни бұл табиғи заңдылық. Сол тарихты зерттеп, талдау жасау арқылы ғана өз уақытындағы ірі-ірі тарихи тұлғалар халықтың дұрыс бағасын алады. Қазақ халқы өзінің бұрынғы-соңғы тарихында небір қилы замандарды өткізген. Сол қилы замандар халқымыздың рухани өмірі мен тәжірибесінде өшпес із қалдырған. Оның басында тұрған данагөй тұлғалар екендігі, әрине, тарихи дерекке жататындығында еш күмән жоқ. Соған қарағанда белгілі бір әлеуметтік, саяси және мәдени кеңістікте өзіндік тарихи болмыстың терең қатпарларынан шыңдалып нәр алған құдіретті күшке айналған. Кез келген халықтың ойлау жүйесі ұлттық болмыстың дамып, шыңдалуына негіз болған. Қазіргі таңда рухани жаңғыру бұл - зерделі танымда ата-бабалар мұрасын тереңірек ұғынуға, ұлттық болмысымыздың тарихи тамыры болатын дүниелерді білуге деген ұмтылыс



Keywords
рух, мақсат, мұрат, жалпыадамзаттық құндылықтар, Ұлы Дала, жалпыұлттық игілік, бабалар дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы, болашақ, рухани жаңғыру, ел мүддесі

References

Advanced Search


Announcements

    Directory of Open Access Scholarly Resources (ROAD Index)

    ASR Journal 

    Directory of Open Access

    Scholarly Resources (ROAD Index)

    tarafından indekslenmektedir


    International ResearchBible (Academic Resource Index)

    ASR Journal

    International ResearchBible

    (Academic Resource Index)

    tarafından taranmaktadır


    Internatıonal Instıtute Of Organızed Research (I2OR)

    ASR Journal 

    Internatıonal Instıtute Of Organızed

    Research (I2OR) tarafından

    indekslenmektedir


    Directory of Research Journals Indexing

    ASR Journal

    Directory of Research

    Journals Indexing'te

    taranmaktadır


    ICI Journals Index Copernicus

    ASR Journal Dergisi ICI Journals Index

    Copernicus'ta indekslenmektedir.



Address :
Telephone : Fax :
Email :asrjournal.editor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri