ACADEMIC SOCIAL RESOURCES JOURNAL

Quick Access


Bu Dergi DOI ve Crosscheck üyesidir


Summary


ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНАНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада түркі тектес халықтардағы отбасылық құндылыктар, бала өсіру ғұрпы, ұл-кыз тәрбиесіне қатысты түркі халықтарындағы ойлар сараланады. Түркі дүниесінің басын біріктіретін құндылықтардың бірі – ортақ түркілік тәрбие екендігі белгілі. Демек, түркі халықтарының саяси, мәдени, әлеуметтік өміріндегі түркілік тәрбиенің алатын орнын айқындаудың қазіргі түркілік ықпалдасуда маңызы зор. Сондықтан түркі халықтарының тәрбиелік жүйесінің өзіндік ерекшелігін көрсету, ортақ әдеби мұралардағы ой-пайымдарды саралау, түркі тектес қалықтардың дербес әдебиетіндегі ортақ арналарды табу, ұқсастықтары мен айырымдарын қарастырудың маңызы үлкен. Түркі халықтарына ортақ жәдігерлерден басталатын тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Түркілік тәлім-тәрбиелік мәдениеттің түп-төркіні сонау Орхон-Енисейден басталатын көне түркі ескерткіштерінен, тарихи жазба мұралар мен көшпенді ата-бабамыздың көшелі өмір салтынан бастау алады. Осындай асыл қазынаның бірі  «Құтты білік» жәдігері. «Құтты білікте»  адам баласының басындағы ақыл – сезімнен ажалға дейінгі жақсылы-жаманды жай-жапсары сан қатпарлы қалтарыстары өлең өрнегіне түскен. Солардың бір парасы қазақ халқының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде қалыптасты. Түркі халықтарының озық ой-пікірлерін шоғарланған даналық мектебінің заңды жалғасын Абай тағылымынан көруге болады. Абайдың тәлімдік ойлары сан салалы. Соның бір арнасы отбасылық құндылықтарға арналады. Өз бауырына, одан артылса ағайынына қамқорлық жасап жүрген ата-анасының іс-әрекеті балаға өнеге болмай тұрмайды. Бауырына, ағайынына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен Отаншылдықтың бастауы бала бойындағы альтруизм. Абай тілінде айтқанда –жылы жүрек пен рахымшылдық.  

 «Ақылдың мінез  сауыты», – деп айтқандай  баланың мінез-құлқының  іргетасы  да  ата-ана тәрбиесімен қаланады. «Болар елдің баласына» лайықты  іс – талаптылық, татулық, жақсы қылық, сұхбаттастық, жолдастық, сырға беріктік және өнер дей отырып, осы қасиеттерге  күншілдік,  көрсеқызарлық, жеңсікқойлық, пайдакүнемдік,  ұсақтық, пысықсымақтық сияқты  іс-әрекеттерді қарсы қоя сипаттайды.

Татулық, адалдық жігіттер арасында қаншалықты бағалы болса, жұбайлар (жар) арасында да, кейіндеп  ерлі-зайыптылардың өзге құрбы-құрдаспен қарым-ақатынасына да маңызды фактор екендігін көрсетеді. Түптеп келгенде, ақын ойының өзегінде, «пайда ойламай, ар ойлайтын» салауатты қоғам құндылығы жатыр. Өлең ақынның «Көкірегінде  қаяу жоқ, қиянат жоқ, Қажымас, қайта айнымас қайран татуды!»  көксеген мақсатынан туындағанын аңғаруға болады.

«Тектінің ұрпағы, көргендінің баласы бол» дегенді ту етіп ұстанған  түркі жұртының ұрпақ тәрбиесіне қатты көңіл бөлгендігі мақалада келтірілген мысалдар арқылы дәйектеледі.



Keywords
Құндылықтар, жәдігерлер, мүдде, түркі мәдениеті, түркілік тәлім-тәрбие, тағылым, қарым-қатынас, ұрпақ жалғастығы, отбасылық құндылықтар

References

Advanced Search


Announcements

    Directory of Open Access Scholarly Resources (ROAD Index)

    ASR Journal 

    Directory of Open Access

    Scholarly Resources (ROAD Index)

    tarafından indekslenmektedir


    International ResearchBible (Academic Resource Index)

    ASR Journal

    International ResearchBible

    (Academic Resource Index)

    tarafından taranmaktadır


    Internatıonal Instıtute Of Organızed Research (I2OR)

    ASR Journal 

    Internatıonal Instıtute Of Organızed

    Research (I2OR) tarafından

    indekslenmektedir


    Directory of Research Journals Indexing

    ASR Journal

    Directory of Research

    Journals Indexing'te

    taranmaktadır


    ICI Journals Index Copernicus

    ASR Journal Dergisi ICI Journals Index

    Copernicus'ta indekslenmektedir.



Address :Rasulbekov Kyrgyz University of Economics / Kirghizistan
Telephone :+90 539 673 66 66 & +90 543 373 80 81 Whatsapp Fax :+90 539 673 66 66 & +90 543 373 80 81 Whatsapp
Email :asrjournal.editor@gmail.com

Web Yazılım & Programlama Han Yazılım Bilişim Hizmetleri